The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алматылық ардагерлерге 2 млн теңгеден беріледі

  Алматы мәслихатының кезектен тыс XVI сессиясында мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың Жеңістің 79 жылдығына орай ардагерлерге біржолғы төлем мөлшерін 2 миллион теңгеге дейін арттыру туралы бастамасын бірауыздан қолдады.

Айта кетейік, жыл сайын Жеңіс күніне орай ардагерлерге 1 миллион теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем төленетін.

«Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен біржолғы әлеуметтік көмекті 1 миллион теңгеге ұлғайту туралы шешім қабылдаймыз. Биыл ардагерлер 2 миллион теңге біржолғы көмек ала алады», — деді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов. 

Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Алматы қаласының аудандық әкімдіктері екінші деңгейлі банктердегі шоттарына өтініштерді талап етпей, тізімге сәйкес беріледі.

Қазір Алматыда 44 соғыс ардагері тұрады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының өңірлік экспорттық кеңесінің отырысы өтті

admin

Елордада өткен қайырымдылық марафонына 3 мың адам қатысты

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ «БИЗНЕСТІ ЖҮРГIЗУ ЖЕҢIЛДIГI» РЕЙТИНГІНДЕ ЕКІНШІ РЕТ КӨШ БАСТАДЫ

admin