Жайық өзенінің су деңгейі төмендеп келеді

0

 Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Батыс Қазақстан облысы ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Соңғы тәулікте су деңгейі тағы да 7-8 см дейін түсті, қазіргі кезде ол 8 м 13 см құрап отыр. Қауіпті деңгейі 8 м 50 см болған. Бүгінде елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Облыс бойынша екі елді мекен жол-көлік қатынасынсыз қалып отыр. 12 жол шаю оқиғасы қатаң бақылауда. Су тасқыны кезеңінде 14 078 адам эвакуацияланды, оның 5813-і бала. 12 эвакопункте 2329 адам қалып отыр, оның 1 011 бала. Қалғаны туған- туыстарында орналасқан. 4359 адам үйлеріне оралды, — деді спикер.

5 сәуірден бастап облыстық гуманитарлық көмек қабылдайтын штабқа жалпы саны 1,3 млн тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді. 1,2 млн текше метр еріген қар суы сорылды. 

Су тасқыны кезеңінде көтерілген дамбының жалпы ұзындығы 149,43 км құрады. Облыс бойынша жағдай тұрақталып келеді және қатаң бақылауда.


ПІКІР ЖАЗУ