The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Су тасқыны: Ақтөбеде Құйлыс ауылының тұрғындары үйлеріне оралып жатыр

 Екі ай бұрын ауылдан аудан орталығындағы эвакуациялық пунктке қоныс аударған тұрғындар бүгін үйіне оралып жатыр. Құйлыс ауылының балалары мен әйелдер, қарт кісілер сәуір айының басында көшірілген болатын.

Ырғыз ауданының Нұра, Мамыр, Белшер ауылына су кірсе, тұрғындар мен әскерилер, төтенше жағдайлар қызметкерлері Құйлыс пен Жайсаңбай ауылдарын сақтап қалды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Құйлыс ауылында тасқынға қарсы күрес жұмыстары 4 сәуір күні басталды. Содан бері ер адамдар бөгетті бекіту жұмыстарын жүргізді.

– Қазіргі уақытта Тәуіп ауылдық округінің орталығы Құйлыс ауылының тұрғындары көшіріліп жатыр. Оған 6 УАЗ көлігі ұйымдастырылды. Әр машинаға 10-12 адам мінеді. Шамамен сағат 15:00-де қозғалды. Ауылға кірер жол бұзылған. Сол үшін де бөгет салынып, қатынас жанданды, — деді Ырғыз ауданының әкімі Нұрлан Қызбергенов.

Айта кетейік, Ырғыз ауданы бойынша Мамырда 15, Белшерде 4, Нұрада 68 үй құлады. Ауданда тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға әлі де 100 АЕК көлемінде біржолғы төлем аударылып жатыр. 

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІҢ БАС ДӘРІГЕРІ ОҚУШЫЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ВАКЦИНА ТУРАЛЫ ҚАУЕСЕТКЕ СЕНБЕУГЕ ШАҚЫРДЫ

admin

Түркістан қаласында 2400 жол қауіпсіздік белгісі орнатылған

admin

Нұралхан Көшеров ҰОС Ардагерінің отбасына арнайы барып құттықтады

admin