The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Еліміздің су қоймаларындағы жағдай қандай

Атырау облысынан басқа еліміздің барлық өңіріңде су тасқыны аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі — 600 см, Атырау облысының Махамбет ауылында — 1020 см. «Қазсушардың» жергілікті филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 90%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 98,4%-ға толы. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді. Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 89,8%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 78%-ға толды. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істейді. Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99,2%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кесте аясында жұмыс істейді.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 91%. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді.

Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

admin

74 жастағы әжей лифт шахтасына құлап қайтыс болды

admin

Түркістан: Бәйдібекте танымал жазушы еркінбек тұрысовтың экспозициясы ашылды

admin