Абай облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі ұлғайып келеді
Абай облысында ауыл шаруашылығы өнімдері көлемін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Өңір бойынша агроөнеркәсіптік кешеннің барлық саласын одан әрі дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу көлемін ұлғайту жұмыстары жүзеге асырылуда.
«Бүгінгі таңда ет өндірісінің көлемі 24 035,2 тоннаға жетті. Оның ішінде сиыр еті (11 355 тонна), қой еті (2 455,1 тонна), шошқа еті (309,5 тонна), жылқы еті (3 641 тонна) және құс еті (6 005,1 тонна) бар. Сүт өндірісі 137 866,5 тонна, ал тауық жұмыртқасы 16 174 мың дана болды», — деп хабарлады Абай облысы әкімдігінен.
Облыста жалпы қуаттылығы 16 614 басты құрайтын 38 бордақылау алаңы жұмыс істейді. Оның ішінде қуаттылығы 1 000 бас мал орнынан басталатын 11 өнеркәсіптік бордақылау алаңы бар (жалпы қуаттылығы 22 мың бас).
«2024 жылдың басынан бастап аймақ бойынша бордақылау алаңдарының жүктемесі 38%-ды құрады. Облыстың сүт зауыттарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында бүгінде 2 969 сауынды сиыры бар 11 сүт-тауар фермасы және халықтан сүт сатып алуға арналған 7 сүт қабылдау пункті жұмыс істейді», — делінген ақпаратта.