The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Сарыағаш: «талапқа сай, жауапкершілікпен жұмыс атқарыңыздар, бұл соңғы ескерту деп қабылдаңыздар!»

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың  төрағалық етуімен аппараттық мәжіліс өткізілді. Мәжілісте 2 мәселе қаралды.

Бірінші мәселе республикалық, облыстық маңызы бар жолдардың және орталық көшелер бойындағы жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың қасбеттері мен қоршауларды ретке келтіру, санитариялық тазалық жұмыстары туралы  Сарыағаш қаласының әкімі А.Ешанқұл, Құркелес ауылдық округінің  әкімі  М.Тұрсынқұлов,  Қ.Тұрсынбаев Қабланбек ауылдық округінің  әкімі Қ.Тұрсынбаевтар баяндама жасады.

Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімшесінің бас маманы О. Аппаз ауылдық  округтер  және қала аумағындағы тазалық жұмыстарының жүргізілу барысындағы кемшіліктермен ұсыныстарды баяндап өтті.

Мәжіліс барысында  тұрғын үйлерден шығарылған қатты тұрмыстық қалдықтарды бектілген кесте бойынша алып кетпеуінің себеп-салдарын тізген жауапты мердігер мекеме басшысына ескерту жасаған аудан әкімі:

— Талапқа сай, жауапкершілікпен  жұмыс атқарыңыздар, бұл соңғы ескерту деп қабылдаңыздар,- деді.

Екінші мәселе қызметтер мен жұмыстар үшін бюджеттен бөлінген қаржылардың міндеттемеге уақытында орындаулы  және бөлінген қаржыларға бірыңғай ұйымдастырушымен өткізілген  мемлекеттік сатып алулардың  жай –күйін  аудан әкімі аппаратының басшысы  О.Ыбрай, баяндады.

Барлық мәселелер тыңдалып, қорытындысымен аудан әкімі   Арман Абдуллаев  талқыланған мәселелердің шешу жолдарын қарастыру , жүзеге асыру туралы нақты тапсырмалар беріп, іске асуын өз бақылауында ұстайтындығын жеткізді.Сондай-ақ,  тазалық жұмыстары бойынша рейдтік шараларды күшейтуді, бөлінген секторлар бойынша  жұмысшы топ ұйымдастыруды,  тапсырды.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Доллар қымбаттаса, азық-түлік бағасы өзгере ме? – Сүлейменов жауап берді

admin

Отбасы банк зейнетақымен ипотека төлеуді қайта ашты: Өтінім қабылдау басталды

admin

ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданында тазалық жұмыстары күнделікті екі ауысымда жүргізілуде

admin