The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістандағы «Жастар» орталығында «Фараб» кітапханасының бесінші жылжымалы пункті ашылды

Бүгін 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай Түркістан қалалық Жастар ресурстық орталығында «Фараб» кітапханасының бесінші жылжымалы пункті ашылды.

Бұл жаңа кітапхана бөлімшесінің ашылу салтанатына Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, Түркістан қалалық ардагерлер алқасының мүшесі, көпбалалы ана Рыс Ташметова, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының көмекшісі Бектас Шірікбаев қатысып, салтанатты түрде лентасын қиды.

Шара барысында қалалық мәслихат депутаты Жәмила Сүлейменова, «Нысана» әзіл-сықақ театрының актерлары Дәнекер Оразбаев пен Абай Аязбаев, сондай-ақ Түркістан қалалық жоғары медицина колледжінің студенттері жаңа кітапхана пунктіне құнды кітаптарды сыйға тартты. Бұл игі бастама жастардың білімін жетілдіруге, олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және қоғамда кітапхана мәдениетін дамытуға бағытталған.

Іс-шараға қатысушылар «Фараб» кітапханасының бұл бастамасы қоғам игілігі үшін жасалған маңызды қадам екенін жеткізді. 

Жаңа кітапхана пунктінде оқырмандарға 1000-нан астам кітап ұсынылып отыр. Бұл қала тұрғындары мен жастар үшін қолайлы білім ортасына айналып, олардың ізденісіне, шығармашылық дамуына серпін бермек.

Ұқсас жаңалықтар

«ӘДЕБИ ФИНАЛ – 2024» облыстық қорытынды семинары өтті

admin

Ресей Ұлыбританияның тағы да 29 азаматына санкция салды. Арасында саясаткерлер мен журналистер бар

admin

Депутат еліміздегі инвесторларға қолайлы қаланы атады

admin