The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түлкібас ауданының ұстаздары Түркістандағы жайлы мектептерге келіп, тәжірибе алмасты

Бүгін Түркістан қаласындағы «Жайлы мектептерде» «Баршаға қолжетімді сапалы білім» бастамасы аясында 2024-2025 жылы Түркістан облысында іске асырылатын Жол картасына және «Білім беруді дамыту орталығының» жоспарына сәйкес  Түлкібас ауданының ұстаздары Түркістан қаласындағы әріптестерімен тәжірибе алмасты.

Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларын орындау мақсатында облыстың білім жүйесінде тұтас әдістемелік кеңістікті орната отырып, білім сапасы мен тәрбие жұмыстарын дамытып, республикада орташадан жоғары деңгейге жету жұмыстары жүйелі жүргізіліп отыр.

Әдістемелік күннің мақсаты – педагогикалық менеджмент, педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту және білім беруді цифрландыру арқылы білім сапасын арттырудың негізгі аспектілерін қарастыру. Сонымен бірге талдау, әр пән бойынша білім сапасын арттыруда жүйелі жұмыс жүргізу, әдістемелік көмек беру көзделген.

Әдістемелік күнге 400-ге жуық педагог қатысты. Шебер сыныптар, оқыту, ақпараттық семинарлар, тренингтер, тәжірибе сағаттары, коучингтер және жеке кеңестер жүргізілді.

Республикада мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетудің ауданнан-ауданға форматы Түркістан облысында мақсатты әрі жүйелі  жүргізіліп келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Үкімет ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін отандық кәсіпкерлерді қолдайды

admin

Қазақстандықтардың жартысынан көбі өмір сүру жағдайына қанағаттанады — сауалнама нәтижесі

admin

Енді қазақстандықтар онкоскринингтен тегін өте алады

admin