The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Жетісайда 500-ге жуық адам тазалық акциясына қатысты

Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық жалпыұлттық акциясы аясында бүгін Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде аудандық сенбілік өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған шараға аудандағы барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлерімен қатар аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат аппараты қызметкерлері мен жергілікті депутаттар, округ тұрғындары қатысты.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан бөлінген секторларда қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, шөптер шабылды. Арық-атыздар тазаланып, қураған ағаштар қырқылды.

Айта кетейік, аудан әкімінің тапсырмасымен өткен тазалық жұмыстарына 500-ге тарта жетісайлық пен 10 техника жұмылдырылып, 30 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында ағын су тапшылығын жою мақсатында бес ірі жоба жүзеге асуда

admin

ТҮРКІСТАН: облыс орталығындағы қазандықтардың жылыту маусымына дайындығы пысықталды

admin

ТҮРКІСТАН: мәжіліс депутаты жетісайлықтармен жүздесті

admin