Отырар: ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, жастарды патриотизмге тәрбиелеудің маңыздылығы

0

Бүгінде халық денсаулығын жақсарту мақсатында бұқаралық спортты дамытудың маңызы зор. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану арқылы ауылдардағы спортты дамыту туралы Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Жолдауларында да жиі айтылып келеді. Бұл бағытта аудан көлемінде ауқымды жобалар кезең-кезеңімен іске асып келеді. Соның бірі Қарақоңыр ауыл округіндегі шағын футболға арналған жабық спорт залының құрылысы. Аталған нысан аудан әкімінің бұған дейінгі жергілік ауыл тұрғындарымен кездесуіне көтерілген мәселелердің бірі болаты. Бүгінде көтерілген мәсеше оң шешімін тауып, спорт кешенінің құрылыс жұмыстары басталып кеткен.

Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Қарақоңыр ауылындағы  жабық спорт залының құрылысымен танысып, жауапты мердігер мекеменің мамандарымен кездесті. «Андас-груп» ЖШС-нің мамандары құрылыс барысымен таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Аудан басшысы бастысы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау екенін айтып, құрылыс жұмыстарын қауіпсіздік шараларын сақтай отырып сапалы жүргізуді және мерзімінде тапсыруды міндеттеді.

Одан әрі әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың балалық шағы өткен, сазгердің есімімен аталатын елді мекеніндегі  Ш.Қалдаяқов музей-үйіне барды.

Шәмшінің және әкесі Қалдаяқ ұстаның өзі жасаған отбасында және шаруада пайдаланған түпнұсқа жәдігерлерін тамашалап, ұлы өнер иесінен қалған құнды заттардың тарихымен танысты.

Аралау барысында аудан әкімі ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, жастарды патриотизмге тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтіп, музей қызметкерлерінің алдағы жұмысына сәттілік тіледі.


ПІКІР ЖАЗУ