ТҮРКІСТАН: тиімді бағдарлама арқылы Кентаудағы қоғамдық көліктердің бірқатары жаңартылды
Кентау қаласында қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен орындалуда. Қаладағы жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын «Тұлпар-2030» серіктестігі «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының сүйемелдеуімен және тікелей қолдауымен автобус паркін жаңарту бойынша лизингтік қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асырды.
Бағдарлама бойынша жолаушылар тасымалдаушы мекемеге жаңа 16 «Газель-NEXT» маркалы автокөлігі мен 2 дана «ПАЗ-Vector» және 2 «Пазик» автобустары сатып алынды. 16 орындық жаңа көліктер қаладағы бағыттардың кесте санын толықтырып, жолаушыларды тасымалдауды бастап кетті.
Атап айтсақ, №1, №3, №4, №6, №7 және «Кентау-Құсшы ата» -«Саяжай» бағыттары жаңа автобуспен қамтылды. Ал 2 «ПАЗ-Vector» және 2 «Пазик» автобустары №1, №4, №10 бағыттарында қызмет көрсетуде.