Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат төрағасының орынбасары бірқатар аудандарды аралады
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.И.Тарасенко Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында болды. Сапардың басы Тасқала ауданының әкімі Талғат Асқарұлы Шакировпен өткен кездесуде гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың атқарып жатқан шаралары айтылды.
Одан әрі «Жергілікті жерлерде балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және табиғатты қорғау аймақтарының ұйымдарының жүйесін дамыту» жөніндегі Ұлттық комиссияның тапсырмаларының орындалу барысымен танысу мақсатында аудандық Жас туристер станциясында, білім беру ұйымдарында (С.Жақсығұлов атындағы орта мектебі. Сәулет МЛ) болып, өлкетану және экология арқылы балалардың бойында патриотизмді қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Сондай-ақ, сапар аясында Е.Тарасенко Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Ғ.Бекқалиевпен бірге аудандық көрмемен танысты. Туризм, өлкетану және экология бағытында тәрбие беріп отырған мұғалімдермен, қоғам белсенділерімен, тәжірибе, проблемалар, осы бағыттағы жұмыс перспективалары талқыланды.
Сапар барысы ауданның, әлеуметтік-экономикалық өміріне белсенді қатысушылар – әйелдермен тақырыптық кездесумен аяқталды. Олардың қатарында Тасқала ауданы әкімінің орынбасары С.Ғалиева, Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Т.Рогозина, Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Кентуғаева, Тасқала ауданы білім беру бөлімінің басшысы А.Қасымова, әйелдер ісі жөніндегі комиссия мүшелері, Тасқала ауданы әкімі жанындағы істер және отбасылық-демографиялық саясат басқармасы, үкіметтік емес ұйымдардың, аудандық аналар кеңесінің өкілдері және т.б. болды.