The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Сайрам: қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында іс-шара жоспарына сәйкес, Сайрам ауданы әкімі аппаратының «Ұйымдастыру-инспекторлық, ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі» бөлімшесінің бас маманы Жақыпбекова Мақпал Тұрсынбекқызы Сайрам ауданына қарасты «Қайнарбұлақ» ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді.

Қоғамдық бақылау барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен анық ақпараттың болуы, ғимараттың кіре берісіндегі ішкі жағдайлар мен ауыл тұрғындарына қызмет алуға арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жасақталғандығы, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдайлардың болуы, арнайы шақырту батырмасы, пандус орнатылғандығы оларға көрсетілетін қызмет сапасына қатысты мәселелер талқыланды.

Бөлім ғимаратына кіріп-шығуына, дабыл батырмаларының жұмыс істеуі тексеріліп, бірқатар ұсыныстар айтылды.

Бақылау нәтижесінде қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тиісті ұсыныстар берілді. Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Зейнетақы төлемдері 5 пайызға артты

admin

Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығында 14 мұғалім жұмыс істейді

admin

ШЫМКЕНТ: «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 81 жоба ұсынылған

admin