Өмірін кітапханаға арнаған еңбек адамы

0

Бүгінде адалдықтың ақ жүгін арқалаған,  қоғамның дамуына,  жастардың білімді болып қалыптасуына өз үлесін қосқан кітапханашылардың бірі — сарыағаштық Гүлсара Көбенова. Кітапханаға жаны құмар жан еңбек жолын 1973 жылы Құркелес ауылдық кітапханасында кітапханашы болып бастаған. Қырық жылын ауылдық кітапхананың өсіп-өркендеуіне арнаған Гүлсара апамыз 2012 жылы абыроймен зейнетке шыққан. Өз ісінің маманы қызмет жолында ауыл әкімдерімен, зиялы қауым өкілдерімен де тығыз жұмыс істеген. Өз ісіне адал еңбекқор жан 2 рет аудандық мәслихат депутаты болып сайланған.

Өз ісінің майталманы атанған кейіпкеріміздің ұлы Өміржан Қарабасов та ана жолын қуып,  өмірін кітапханашылыққа арнаған. Кітапханашылар сан түрлі кітапты күтіп-баптап ғана қоймай,  көңіліне тоқып, сол алған білімін оқырмандарға ұсынып,  жеткізетін мамандық иелері. Бүгінде Өміржан Рахымқұлұлының жастарды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеуге, оқуға көз-қарасын оятып,  қызығушылығын арттыруға, әдебиеттерді іріктеуге көмек көрсетуде беделді қызметтер атқарып келеді.


ПІКІР ЖАЗУ