ТҮРКІСТАН: Созақта Абай ауылының тұрғындары мұқтаж жанға жаңа баспана тарту етті

0

Бүгін Созақ ауданы, Абай ауылының тұрғыны Спатаев Төлегеннің көтерген мәселесі оң шешімін тауып, жаңа баспанаға қол жеткізді.

Еске сала кетсек, өткен жылы ауыл тұрғыны Спатаев Төлеген аудан басшысының қабылдауында болды. Пәтер бөлуге көмек сұрап, әлеуметтік мәселесі бойынша өтінішін жеткізді. 

Аудан басшысы Абай ауылына жасаған жұмыс сапарында өтініш иесінің шаңырағында болып, отбасының тыныс-тіршілігімен танысты. Мәселенің шешу жолын ауыл қарияларымен бірлесе талқылады. Игі іске ел болып атсалысу ісі қаралып, жаңа үйдің іргетасы қаланды. Ауыл тұрғындарының қамқорлығымен үйдің қабырғасы тұрғызылып, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Тұрғын үй құрылысын аяқтау үшін аудандық мәслихат депутаты Базарбай Нұрланов бастаған бірқатар кәсіпкер де жұмыла кірісіп, бүгін баспана иесі қоныс тойын тойлады.

Игі шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысты. Баспана иесін қоныс тойымен құттықтап, сый-сияпат табыс етті. Игі іске қолдау білдіріп, аса ұйымшылдық танытқан ауыл ақсақалдарына, аға буын өкілдері мен мұқтаж жанның сұранысына сай еңбек еткен барлық азаматқа алғысын білдірді.

Шараға жиналған ауыл жұртшылығы ізгі тілектерін арнап, баспана иесін құттықтады.


ПІКІР ЖАЗУ