The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістанда би жанры бойынша «TURKISTAR» облыстық өнер фестивалі басталды

Бүгін Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде би жанры бойынша «TurkiSTAR» балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық өнер фестивалі басталды.

Аталған фестиваль Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлер тарапынан ұйымдастырылған үйірмелер арасында өткізіліп келеді. Бұған дейін ән жанры бойынша өткен болатын. Жыл соңына дейін актерлік шеберлік, көркем сөз оқу және қылқалам, қолөнер шеберлері мен киім дизайны жанрлары бойынша өткізілмек.

Дарынды балаларға қолдау көрсетуге, өскелең өрендеріміздің шеберлігін шыңдап, өнерге ынталандыру мақсатындағы байқау екі кезең бойынша өтеді. Алғашқы кезеңде би ұжымдары халық биін билесе, ақтық кезеңде өз таңдаулары сай еркін тақырыптағы биді билейді.

Екі күнге жоспарланған байқауда облыстың әр аудан, қалаларынан келген 60 би ұжымы бақ сынамақ. Қазылар алқасы құрамында хореография мамандығының ұстаздары мен мәдениет саласының мамандары бар. Әділ қазылар шешімімен ертең жеңімпазпаздарға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, сондай-ақ арнайы жүлделер мен ынталандыру сыйлықтары беріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында картоп экспортына қойылған шектеуге байланысты шекара бекеттерінде бақылау күшейтілді

admin

Конституциялық кеңес комиссияның алғашқы отырысын қорытындылады

admin

Көлік тоқтатқан шымкенттік полицей ұятқа қалды

admin