The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Қазақстан былтыр шетелге 3,7 млн тонна астық жіберді

 ҚТЖ деректері бойынша 2024 жылдың қыркүйегінен 25 желтоқсанына дейін 3,7 млн тонна жаңа дақыл экспортталды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 54% — ға жоғары (2,4 млн тонна), деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өзбекстанға экспорттың өсуі 44% (994 мың тоннадан 1 427 мың тоннаға дейін), Тәжікстанға — 53% (385 мың тоннадан 589 мың тоннаға дейін), Ауғанстанға — 52% (120 мың тоннадан 182 мың тоннаға дейін), Қырғызстанға — 22% (59 мың тоннадан 72 мың тоннаға дейін). Иранға экспорт (Ақтау порты арқылы) 30,2 есеге, 14 мың тоннадан 435 мың тоннаға дейін ұлғайтылды.

Жалпы, ағымдағы жылдың 11 айында 9,2 млн.тонна астық жүктері тасымалданды, оның ішінде ішкі қатынастар бойынша 2,2 млн. тонна және экспортқа 7 млн. тонна.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда «Апорт» алмасының сортын қайта жаңғырту қолға алынды

admin

Сапалы білім: 100 мұғалімге грант берілетін болды

admin

Рэпер Скриптонит Алматыдағы концертін Қаңтар құрбандары мен Украинада қаза болғандарды еске алудан бастады

admin