The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістан облысында егіс көлемін 906 мың гектарға жеткізу көзделуде

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков бүгін көктемгі дала жұмыстарына дайындықты пысықтады. Биыл егіс көлемін 37 мың гектарға ұлғайтып, 906 мың гектарға жеткізу көзделуде. Басқарма басшысының орынбасары Әлібек Плаловтың мәлімдеуінше, егістікті әртараптандыру арқылы өнімділікті жаңа технология әдісімен ұлғайту үшін биыл 58 мың гектарға мақта егіледі. Тәжірбие көрсеткендей, технологияның тиімділігі – суды, минералды тыңайтқыштарды және жұмыс күшін үнемдей отырып, кемінде 60 центнерден өнім алуға болады (орташа көрсеткіштен 2,5 есе жоғары). Бұл бойынша шаруалармен кездесулер ұйымдастырылып, тиімділігі түсіндірілуде.

Қазіргі таңда облыс аумағында 51% жер айдалды. Дала жұмыстарына 25 мың техника қолданылуда. Ал ауыл шаруашылығы құрылымдарында 12 мың трактор, 1 мың дәнсепкіш, 554 соқа және 1 мың қопсытқыш құралдары бар.

Нұрбол Тұрашбеков қосымша 47 мың гектарға су үнемдеу технологиясын ендіру бойынша аудан-қала мүмкіндіктерін ескере отырып, жұмысты жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар жоспарланған ірі инвестициялық жобалардың мерзімінде жүзеге асуын тежеуі мүмкін ықтимал мәселелер тізбесін жасап, заң аясында алдын алуға жұмыс жүргізуді ескертті.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы облысында есірткі дайындаған құпия зертхана әшкере болды

admin

Көкшетауда балабақша басшылығы қызметкерлеріне тиесілі өтемақыны төлемеген

admin

11 айда 8 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталған – Бас прокуратура

admin