Сарыағаш: нақты тапсырмалар берілді

0

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының магистралды канализация желісінің және канализациялық сорғы стансаларының мән-жайын бақылап, жауапты сала орынбасары Мұрат Байгабуловқа  нақты тапсырмалар жүктеді.

Жалпы кәріздік тазарту жүйесінің  құрылыс жұмыстары  ІІІ кезеңнен тұрады. Қазіргі таңда, құрылыс жоспарына сәйкес І кезең  9 кәріздік сорғы стансасының, ІІ кезең кәріздік тазарту кешенінің құрылысы жұмыстары  аяқталып,  ІІІ кезеңге дайындығын тексеру мақсатында іске қосып, зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта,  ІІІ кезең кәріздің ішкі желілерінің құрылысын жүргізу жоспарланған.

Сарыағаш қаласының магистралды канализация желісінің және  9 канализациялық сорғы станцияларының (КСС) құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Асықата -құрылыс» ЖШС-і жүргізген. Магистралды канализация желісі мен канализациялық сорғы станцияларының функциясы сарқынды суларды орталық кәріздік  тазарту кешеніне жеткізу болып табылады.


ПІКІР ЖАЗУ