Сауран: нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы ведомствоаралық штабтың отырысы өтті

0

Сауран ауданында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы бағытталған ведомствоаралық штабтың отырысы өтті. Аудан әкімдігі жанынан құрылған штабтың отырысын аудан әкімінің орынбасары, штаб төрағасы Серік Сәдібаев жүргізіп отырды. Жиында 2024 жылдың атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалып, алдағы жоспарлар мен жұмыс бағыттары талқыланды.

Штаб отырысында атап өтілгендей, қазіргі уақытта аудан бойынша есірткіге қатысты тіркелген азаматтар жоқ. Сондай-ақ, тек 1 адам маскүнемдікпен емделуге жатқызылғаны туралы мәлімет келтірілді. Аудан әкімінің орынбасары, штаб төрағасы Серік Сәдібаев аудандық ішкі істер басқармасы мен аудандық емхана басшыларының есебін тыңдап, есірткімен күресу бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Жиында жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында нақты жоспар құрып, осы жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асыру қажеттігі баса айтылды. Серік Сәдібаев есірткімен күрес және оның алдын алу бойынша атқарылатын шаралардың нәтижелі болуы үшін штаб құрамын қайта қарау, қызметкерлермен толықтыру, сондай-ақ әр ауылда көшпелі семинарлар ұйымдастыру туралы тиісті тапсырмалар берді. Сонымен қатар, штаб отырыстары ай сайын тұрақты түрде өткізіліп тұратын болды.

Аудан әкімінің орынбасары есірткі мен маскүнемдікке қарсы күрес жұмыстарының кешенді және үйлесімді түрде жүргізілуі тиіс екенін атап өтіп, бұл бағытта жергілікті билік, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау саласының өзара тиімді ынтымақтастығының маңыздылығын жеткізді.


ПІКІР ЖАЗУ