Бәйдібек: аудан әкімінің елді мекендерге жұмыс сапары жалғасуда
Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов Кеңестөбе елді мекенінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында іске асып жатқан З.Қапалбаев, Қостөбе, Т.Бекжігітұлы, М.Серперов, Қарсыбайбатыр көшелеріндегі аяқ жол, түңгі көше жарықтары, суағар жүйесінің жұмыстарын тексерді.
Аталған нысандардың сапасы мен мерзімінде пайдалануға берілуін бақылап, мердігерлерге уақытылы әрі сапалы жұмыс атқаруды тапсырды. Көктерек ауылдық окургі Кеңестөбе елді мекенінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 9 көшенің 4-уі 2024 жылы толық аяқталып, қалған 5 көшеге ағымдағы жылы аяқ жол, түңгі көше жарықтары, суағар жүйесінің жұмыстары басталды.
Сондай-ақ Ерлан Нұрмаханов құрылыс жұмыстары аяқталған балалар ойын алаңшасын көріп, оның сапасы мен қауіпсіздігін тексерді. Алаңшаның ауыл балалары үшін қауіпсіз және қолайлы болуын қамтамасыз ету қажеттігін айтып, балаларға арналған ойын алаңдарының сапасы мен жағдайына ерекше назар аудару керектігін атап өтті.
Ары қарай аудан басшысының жұмыс сапары ақбастау ауылдық округіне жалғасты.
Ақбастау ауылдық округі Кеңес елді мекенінде бірқатар маңызды нысандарды тексеріп, жұмыс барысымен танысты. Алдымен, ауыз су мұнарасының жұмысын қарап, жауапты мекемеге тиісті тапсырмалар беріп, тұрғындарға су жеткізудің тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, жаңадан соғылып жатқан балалар ойын алаңшасын тексеріп, онда анықталған кемшіліктерге сын айтты. Құрылыс сапасының төмендігін және алаңшаның балалар үшін қауіпсіз емес екенін атап өтіп, мердігер мекемеге жұмысын қайта қарап, кемшіліктерді жедел түрде түзету қажеттігін ескертті.
Бұдан бөлек, Ө.Жолдасбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінің жылыту қазандықтарын тексеріп, олардың жұмысын бақылып, қазандықтардың тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін айтып өтті. Қазандықтардың қыс мезгіліне дайын екенін және мектептің жылыту жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдануы керек екенін тапсырды.