The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықБілім

Түркістан облысында 19 мектеп ашылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында жаңадан салынған 19 білім ошағы оқушыларды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтсақ Сауран, Сарыағаш, Ордабасы мен Түлкібаста және Арыс қаласында 5 мемлекеттік мектеп ашылды. Сондай-ақ, өңірде 14 жекеменшік мектеп өз жұмысын бастады.

Түркістан облысының білім басқармасына қарасты 21 мекемеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал, 240 пән кабинетінің жабдықтарын алуға 3,1 млрд теңге бөлініп отыр.

Түркістан облысында жалпы мыңнан астам мектепте 514 мыңнан астам оқушы білім алады. Оның 907-сі мемлекеттік болса, қалғаны – жекеменшік. Білім беру инфрақұрылымын дамыту мақсатында облыста 2023-2025 жылдар аралығында 96 мектеп салынса, жыл соңына дейін соның 37-сін пайдалануға беру жоспарланған. Оның 63-і «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша аясында бой көтермек.

Айта кетейік, Түркістан облысындағы 1000-нан астам мектепке 51 621 оқушы бірінші сыныпқа барды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

admin

Бірнеше сағатта 50-ден астам есірткі жарнамасы жойылды

admin

БИЫЛ АШЫЛҒАН МЕКТЕПТЕР ЦИКЛІ: «ALI-T» АҒЫЛШЫН БАСТАУЫШ МЕКТЕБІ

admin