The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық жастар өңірдегі ең үлкен өндіріс орнына саяхат жасады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына байланысты, аудандық мансап орталығының ұйымдастыруымен аудан жастары «Жанасыл» ЖШС-нің мақта өңдеу зауытына саяхат жасады.

Еңбек адамдарының, жұмысшы мамандардың мәртебесін көтеру, жастарды еңбекқорлыққа баулу мақсатында өткен іс-шараға негізінен техникалық колледждің бітіруші жастары қатысып, өздерінің болашақ мамандықтары туралы кеңінен ақпарат алып, аға буын өкілдерімен өзара тәжірибе алмасты.

Аудандық мансап орталығының басшысы Оразбек Жетібаев жастардың кәсіби бағыт-бағдарын дұрыс таңдауға және еңбек нарығына даяр болуына бағытталған бұл іс-шара жастарға жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын көрсету, сондай-ақ кәсіпорынның жұмысымен танысу үшін жақсы мүмкіндік болғанын атап өтті.

Айта кетейік, өткен жылы ресми түрде іске қосылған «Жанасыл» мақта өңдеу зауыты заманауи технологиялармен жабдықталған өңірдегі ең қуатты өндіріс орны саналады.

Индустриалды аймақта орналасқан кәсіпорын 150 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Тәулігіне 600 тонна таза мақтаны өңдеп шығарады. Одан бөлек, күніне 180 тонна мақта талшығы өңделеді.

Зауыт қазіргі таңда шитті мақтаны өңдеп, одан мақта талшығын, мақта шитін, мақта линтін және улюк өнімдерін шығарып, тікелей Қытай, Түркия, Еуропа, Тәжікстан, Иран, Қырғызстан елдеріне экспорттап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Лифт пен домофон үшін төлем заңды ма? 2026 жылы тұрғындар не үшін төлеуге міндетті

admin

Түркістанда қылмыс саны 9,3%-ға төмендеген

admin

ТҮРКІСТАН: зиянкестермен күресу шаралары пысықталды

admin