The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Алматыда бас аспазшы есірткі сатумен айналысқан

Қоғамдық тамақтану орындарының бас аспазшысы есірткі сатумен айналысқан. Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам жұмысын заңсыз заттарды сату үшін пайдаланған.

Ол гашиш есірткі затын жұмыс орнында сатқан, дәмхананы өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру үшін пайдаланған. Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралардан кейін аспаз ұсталды. Ұстау және тінту нәтижесінде есірткі және есірткінің заңсыз айналымына қатысты басқа да заттар тәркіленді. Ұсталған азамат қамауға алынды, — деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Белгілі болғандай, қазір қылмыстық іс-әрекеттің барлық дерегін және оған басқа адамдардың қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы: әділет департаменті 6 айда мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен

admin

Түркістан облысында 70,9 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

admin

Түркияның батысында жер сілкінді

admin