The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Жамбылда 76 каналды реконструкциялау мен 3 су қоймасының құрылысы басталады

 Биыл Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 428 шақырым болатын 76 суару каналын реконструкциялау жұмысын бастауды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, Қалғұты, Ақмола және Ырғайты су қоймаларының құрылысы басталады. Сондай-ақ, Теріс-Ащыбұлақ және Қарақоныз су қоймаларын реконструкциялау қарастырылған.

Қордай, Жамбыл, Байзақ, Меркі және Жуалы аудандарында 53,9 гектар жерге су беру сапасын жақсарту үшін 34 жоба іске асырылып жатыр. Бүгінгі таңда 12 жоба аяқталды. Былтыр жалпы ұзындығы 137,5 шақырым болатын 37 каналда құрылыс жұмыстары аяқталды. 46 тік дренажды ұңғыма бұрғыланып, 12 – сі қалпына келтірілді.

Министрлік алдағы екі жылда Жамбыл облысында 19 жобаны аяқтауды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 330 шақырым болатын 105 каналға реконструкция жасалады. Бұл тасымалдау кезінде су шығынын азайтады және өңірдегі егіс алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз ету сапасын жақсартады, — деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Ұқсас жаңалықтар

Жамбыл: облыс әкімі жылуға жауапты мекемелердің мәселесімен танысты

admin

Ұялы байланыс қызметтерінің бағасы жыл соңына дейін өзгермейді

admin

Шарын шатқалында жартастан құлаған ресейлік әйел құтқарылды

admin