The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Көзбояушылық пен көпірме сөзге әбден тойдық – Тоқаев

 Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында айтты.

Қазіргі заманда экономика инновацияға негізделуі керек екені сөзсіз. Біз ғылымды дамыту, соның ішінде қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін көп жұмыс істеп жатырмыз. Ғылыми жаңалықтарды коммерцияландыруға, ғылым мен өндірістің байланысын күшейтуге баса мән беріліп отыр. Дегенмен Қазақстанда әлі күнге дейін бірде бір ғылым қалашығы жоқ, — деді ол.

Тоқаевтың сөзінше, Алматы іргесіндегі “Алатау” инновациялық технологиялар паркінің аумағында ғылым қалашығын құру туралы идея бар екенін білемін. Үкімет осы бастаманы жан-жақты зерделеп, тиісті заң дайындауы керек.

Ғалымдардың пікірінше, тиісті дәстүрі мен тәжірибесі бар Курчатов қаласы екінші ғылым қалашығы бола алады. Бірақ мынаны ескерткім келеді: осы жоспардың бәрі шынайы есеп-қисапқа және табанды жұмысқа негізделуге тиіс. Көзбояушылық пен көпірме сөзге әбден тойдық. Сұрауы қатты болады, — деп айтты Мемлекет басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада жаңа жұмыс кестесінің арқасында кептеліс азайды

admin

Қазақстан Аустрияның зорлық-зомбылыққа қарсы тәжірибесін зерттеп жатыр

admin

“Мафия”: Шетелдік азамат Алматы әуежайындағы тексеріске наразы болды

admin