The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Наурыз көжені дайындауға қанша теңге кетеді?

 Наурыз көжеге арналған ингредиенттер қанша тұрады? Ұлттық статистика бюросы жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Наурыз көже – жаңару мен көктемнің оянуын бейнелейтін дәстүрлі мерекелік тағам. Оны дайындау тәсілдері әртүрлі, бюро оған қосылатын негізгі өнімдердің бағасын ұсынды.

1 литр айранның орташа бағасы (2,5%) 446 теңге.

Сүт (2,5%), оның бағасы литріне орташа есеппен 413 теңгеге тең.

Арпа жармасы бір кг үшін орташа есеппен 399 теңге, еліміз бойынша оның ең төменгі бағасы Көкшетау (283 теңге) қаласында тіркелген.

Күріштің орташа бағасы келісіне 639 теңге, оның ең арзан бағасы Шымкентте — 535 теңге.

Жылқы еті, оның бір келісі шамамен 3098 теңге.

Қазақстан бойынша тұздың орташа бағасы 76 теңге/кг.

Сондай-ақ тағамға құрт қосылады, ал аймаққа қарай тағы маш, өрік немесе кеспе қосылуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Сарыағашта шағын су электр станциясы салынады

admin

Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек еткен ардагер қарттар үйінде тұрып жатыр

admin

Полицейлер мас жүргізушіні қуып әзер ұстады

admin