The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Су тасқыны: Ақмолада көлікті ағыс алып кетіп, жүргізуші қаза тапты

 Ақмола облысында жолдың жабылатыны туралы ескертуге құлақ аспаған жол талғамайтын көлік жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайғылы оқиға 5 сәуірде «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей шекарасы» бағытының 963-шақырымында болды.

Жүргізуші салынған тыйымға құлақ аспай, полиция бекетін айналып өтіп, су тасқынына байланысты жабылған аумақпен өтпек болған. Салдарынан көлікті ағыс алып кетті, — деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Баспана мәселесі: Енді үлескерлер құқығын заң қорғайды

admin

Италия Елшісіне Қазақстандағы сәтті миссиясы үшін алғыс айтылды

admin

Алматыда алапат өрт болып жатыр

admin