The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Каспийде аққулар қырылып жатыр: экологтар судан сынама алды

 Каспий жағалауында аққулардың өлексесі табылуына байланысты Маңғыстау облысының экология департаментінің мамандары судан сынама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының экология департаменті 4А ықшам ауданындағы теңіз жағалауынан бірнеше өлі құстың өлексесі табылғанын хабарлады.

Осыған байланысты 3 сәуірде экология департаментінің мамандары теңіз суынан сынама алу жұмыстарын жүргізді.

Нәтижелер қосымша жарияланады, – деп хабарлады департамент.

Әлеуметтік желіде ақтаулықтар қала жағалауында өлген немесе әлсіреген аққулар туралы жиі хабарлап отырады.

Бұған дейін 4А ықшам ауданындағы жағалауда демалушылар құстардың өлу оқиғасын тіркеген болатын. Осыдан кейін Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті 20 наурыздағы теңіз суын зерттеу хаттамасына сәйкес ластаушы заттар табылмағанын хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар

Ақмола облысында Тркістанның агротуризм және экотуризм бағытындағы мүмкіндіктері таныстырылды

admin

Ақмола облысының тағы бір ауданында ТЖ режимі жарияланды

admin

Президент ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қытайға барды

admin