The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Бүгін Астанада кәсіпқой бокс кеші өтеді

 Бүгін Астанадағы «Барыс Арена» мұз сарайында отандық және шетелдік бокс жұлдыздарының қатысуымен үлкен тарихи бокс кеші өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы IBF және WBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеулерін қорғайды.

Жәнібек өз елінде 2017 жылдан бері алғаш рет өнер көрсеткелі отыр. Ол 16 рет жұдырықтасып, барлығында айқын басымдықпен ұтқан. Ал франциялық боксшы Анауэль Нгамиссенге қазірге дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Cпорттық шара Астана уақыты бойынша кешкі 17:00-де басталады. Бокс кешін тікелей эфирде Qazaqstan және Qazsport телеарналары ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар

Сайрам: заңсыз салынған құрылыс нысандарын зерделеу туралы мәселелер талқыланды

admin

Нұралхан Көшеров Мақтааралдық шаруалармен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады

admin

Түркістан: Төлебиде экологиялық акция аясында сенбілік өтті

admin