The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Су тасқыны: Ақмолада көлікті ағыс алып кетіп, жүргізуші қаза тапты

 Ақмола облысында жолдың жабылатыны туралы ескертуге құлақ аспаған жол талғамайтын көлік жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайғылы оқиға 5 сәуірде «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей шекарасы» бағытының 963-шақырымында болды.

Жүргізуші салынған тыйымға құлақ аспай, полиция бекетін айналып өтіп, су тасқынына байланысты жабылған аумақпен өтпек болған. Салдарынан көлікті ағыс алып кетті, — деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қар, бұрқасын, көктайғақ: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

admin

Қазақстандықтардың жартысынан көбі өмір сүру жағдайына қанағаттанады — сауалнама нәтижесі

admin

Азық-түлік бағасына бақылау күшейтіледі

admin