The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

МӘМС-ке ай сайын төлеп, бірақ қолданбаған ақша қайда кетеді?

Әрбір табысы бар қазақстандық ай сайын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша төлем аударатыны белгілі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Егер төлем аударушы ай сайын медициналық сақтандыру қорына аударған төлемін сол айларда қолданбаса, айлығынан қорға берген қаражаты қайда кетеді?

Көптің көкейін тескен осы сұраққа жауап іздеп көрген едік. Қордың берген жауабына сәйкес, жүйе – жинақтаушы емес.

Заңға сәйкес, жүйе жинақтаушы болып саналмайды. МӘМС жүйесі ынтымақтастық принципке негізделген: бұл – жарна мен аударым мөлшеріне қарамастан, барлық азаматтардың медициналық қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді. МӘМС активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі арнайы ашылған ағымдағы шотта шоғырланады және тек қана денсаулық сақтау субъектілеріне медициналық қызметтер үшін ақы төлеуге бағытталады, — делінген Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры редакцияның ресми сауалына берген жауапта.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанға ҚР президенті әкімшілігі ҚХА хатшылығы меңгерушісінің орынбасары іссапармен келді

admin

Шымкент: «Үздіктер шеруі–2023»: ұстаздарға құрмет көрсетілді

admin

ТҮРКІСТАН: Арыстықтар тыл ардагерлерін жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

admin