The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан ер адам қаза болды

 Алматыда жантүршігерлік жол апатынан ер адам қаза болды. Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі Саин көшесінің бойымен солтүстік бағытта қозғалып, бағанаға соғылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алдыңғы орындықта отырған жолаушы терезе арқылы салоннан құлап кеткен. Ер адам алған жарақаттарынан жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Жол апаты Алатау ауданында болды. Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі Саин көшесінің бойымен солтүстік бағытта қозғалып, тізгінге ие бола алмай бағанаға аударылған. Жол апатынан Mercedes-Benz көлігінің жолаушысы 1998 жылғы азамат оқиға орынында қаза тапты. Адам өліміне әкеп соқтырған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды , — деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданындағы Қапланбек кеден бекетіне кіреберіс жол кеңейтіледі

admin

Алматыдағы 52 адам уланған жағдай: Қылмыстық іс қозғалды

admin

Асхат Аймағамбетов Президент көтерген бес мәселені атады

admin