The Dala Times ақпараттық сайты
ӘлемБасты жаңалық

Әйел адамды құлдықта ұстаған БҰҰ судьясына сот үкімі шықты

 Ұлыбританияда Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) судьясы Лидия Мугамбе отандасын құлдықта ұстағаны үшін сотталып, 6 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы The Guardian басылымына сілтеме жасай отырып BAQ.KZ хабарлайды. 

Прокурорлардың айтуынша, әрі Уганданың Жоғарғы сотының судьясы болып қызмет атқарған Мугамбе жәбірленушіні тұрақты жұмысынан айырып, оны тегін қызметші ретінде жұмыс істеуге, сондай-ақ балаларына қарауға мәжбүрлеген.

Оксфордтағы Корольдік сотта үкім шығарған судья Фокстон бұл істі «өте қайғылы жағдай» деп атады. Сонымен бірге ол Мугамбенің адам құқықтарын қорғау саласындағы кәсіби жетістіктерін атап өтті.

Алайда айыпталушы өз әрекетіне ешқандай өкініш білдірмеген, керісінше, оқиғаға жәбірленушіні кінәлауға тырысқан. Бұл жанжалдан кейін Мугамбе БҰҰ судьясы лауазымынан кетті.

Ұқсас жаңалықтар

Президент: Транскаспий көлік бағдары көлік-логистика қатынастарын дамытуға тың серпін береді

admin

Сәуле шағынауданында 2,5 гектар саябақ бой көтереді

admin

Ынтымақ тұрғындары келесі жылы табиғи газбен қамтылады

admin