The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Жетісу облысында полицей түтін басқан үйден үш баланы құтқарды

 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні Талдықорған қаласында ерлік пен жанқиярлықтың айғағына айналған оқиға болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция майоры Мирас Даутов қызметтен тыс уақытта, Көкбастау көшесімен өтіп бара жатып, көмек сұраған адамның даусын естиді. Көшеде тұрған ер адам екі қабатты тұрғын үйде қатты түтін пайда болып, ішінде балалар қалып қойғанын айтып, көмекке шақырған. 

Ойланбастан Мирас Даутов газ қызметкерімен бірге түтінге оранған үйге кіреді. Өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, олар 9 бен 13 жас аралығындағы үш баланы аман-есен сыртқа алып шыққан. Жедел әрекеттің нәтижесінде қайғылы оқиғаның алды алынды. 

Полицей, газ қызметі және өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмысының арқасында түтіннің көзі жылдам жойылды. Қуанышқа орай, ересектер арасында зардап шеккендер жоқ. 

Мирас Даутовтың бұл ерлігі – өз халқына адал қызмет етудің, офицерлік абырой мен антына адалдықтың жарқын көрінісі. Отан қорғаушылар күні ол нағыз батырлықтың не екенін іспен дәлелдеді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ардагерлер кеңесінің алқалы жиынында ұрпақ тәрбиесі туралы айтылды

admin

Телефоныңыз тіркелген бе? IMEI-код бойынша анықтау қызметі іске қосылды

admin

ҚР премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың Түркістан облысына жұмыс сапары басталды

admin