The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Балықшыларға база, туристерге демалыс: Құрық жағалауында жаңа айлақ салынды

 Құрық ауылындағы теңіз жағалауына жаңа айлақ салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаевтың тапсырмасына сәйкес, заңсыз балық аулауды болдырмау және балықшылар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында нақты шаралар қолға алынды. Айлақ салу «Ерсай» ЖШС-нің демеушілігімен жүзеге асты.

Аталған айлақ теңіз ресурстарын заңды әрі тиімді пайдалану, сондай-ақ балық шаруашылығын дамыту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі.

Бұл арқылы балықшыларға қауіпсіз және ыңғайлы жағдай жасалып, олардың жұмысын жүйелі түрде жүргізуге мүмкіндік туды.

Сонымен қатар, жаңа айлақтың салынуы туризм саласына да оң әсер етіп, теңіз жағалауындағы демалыс пен су туризмінің дамуына жол ашады. Бұл өз кезегінде өңір экономикасының жандануына ықпал етпек.

Ұқсас жаңалықтар

Қала әкімі жылу маусымына дайындықты күшейтуді тапсырды

admin

Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды

admin

Депутат Алатау қаласының дамуын жеделдетуді ұсынды

admin