The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықҚоғам

Мектепке дайындық: базардағы баға қандай?

 Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Сондықтан барлық ата-ана балаларын оқуға дайындау үшін базар-дүкендерді аралап жүр. Бір оқушыны киіндіріп, қажетті құрал-саймандарын алып беру қаншалықты қымбат? Былтырға қарағанда бағада айырмашылық бар ма?  Қыркүйек айы жақындаған сайын ата-аналар базарға асығады. Сапалы әрі арзан тауар табу үшін бірнеше дүкен аралап, бағасын салыстырады. Бірақ барлық жерде қымбат, — дейді жұрт.

Бір балаға қажетті кеңсе заттарын алу үшін кемінде 20 мың теңге қажет. Оған мектеп формасы мен сөмкесінің бағасын қоссаңыз, сома 3 есе көбейеді. Мектепке қажетті тауарлар бағасы былтырға қарағанда едәуір өскен. Барынша үнемдегенімен шығын ұлғайды, — дейді тұрғындар. Ал дүкен иелері бағаны төмендету үшін тауар өндірушілермен тікелей жұмыс істеуге тырысып жатыр. Айдын Нұрсейітов, жеке кәсіпкер: — Доллар курсы құбылмалы болғандықтан баға да өсіп жатыр.

Сондықтан Қытаймен тікелей байланыс орнатуға тырысып жатырмыз. Тауарды делдалсыз алсақ, арзанға сатуға болады. Биыл облыс бойынша «Мектепке жол» акциясы шеңберінде 12 мың оқушыға көмек берілді. Олардың басым көпшілігі — көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы жанұя балалары. Ал республика көлемінде «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан ата-аналар мен заңды өкілдердің есепшоттарына 20 млрд теңге аударылды.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/kogam/725992-mektepke-dajyndyk-bazardagy-baga-kandaj

https://youtu.be/o5VSyL0DGAc

Ұқсас жаңалықтар

Қызылорда облысында жаппай төбелес болды

admin

Шымкентте Палацк университетінен шақырылған ғалымдармен тәжірибе алмасу басталды

admin

Әбиба Абужақынова – Азия ойындарының күміс жүлдегері

admin