The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Алматы әкімі Орталық саябақты жаңғыртуды жалғастыруды тапсырды

Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Орталық саябаққа барып, жаңарту жұмыстарының нәтижесін көріп қайтты.
Соңғы жылдары мұнда жасалған игі іс аз емес. Жаңа фуд-корт бой көтеріп, спорт және балалар алаңдары, скейт-парк салынды.
Сондай-ақ, субұрқақтар мен жарықтандыру жүйесі жаңартылып, жаяу жүргіншілер жолдарының 70 пайыздан астамы ретке келтірілді. 10 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылды. Дегенмен саябақтың кей жері біршама ескірген, жөндеуді қажет етеді.
Сондықтан әкім оны жаңғыртуды жалғастыруды тапсырды. Мақсат -тұрғындардың сүйікті демалыс орнын бұрынғыдан да жайлы ету.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында инвестициялық штаб жұмысын бастады

admin

Ордабасы: Аудан басшысы Нұрбек Бадырақов орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы-қазақ алыбы Қажымұқан бабамыздың ауылының тұрғындарымен кездесті.

admin

Жетісай ауданына жаңа әкім тағайындалды

admin