The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықҚоғам

25 мың жұмыссыз қазақстандыққа sms арқылы жұмыс ұсынылады

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыз ретінде тіркеліп, қиын жағдайға тап болған 24 790 азаматқа жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS хабарлама жібереді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Министрлік бұл жұмысты ұлттық статистика бюросымен бірлесіп атқарады.

Кімдер қамтылады:

Республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының тұрғындарынан басқа жұмыссыз ре тінде тіркелген азаматтар.

Қандай жұмыс ұсынылады:

Азаматтарға 1414 қызметінен ауыл шаруашылығы халық санағын өткізу үшін санақ қызметкері (сұхбаттасушы) ретінде жұмысқа орналасуға шақыру жіберіледі.

Ауыл шаруашылығы санағы 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен жүргізілмек.

Ұқсас жаңалықтар

Кәріз жүйесі қуаттылығын арттыратын жоба

admin

Банктер қарызын төлей алмағандарға несие бермейді

admin

Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту бағытында семинар өтті

admin