The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қазақстанда университетте оқу қанша тұрады?

 Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ-да елімізде университетте оқу 4 млн теңгеге дейін жеткенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Оның сөзінше, ақылы оқудың бағасын ЖОО өзі бекітеді.

Соңғы жылдардағы оқу ақысын қарайтын болсақ, көбіне мемлекеттік грант құнын ескере отырып, сол көлемде бекітіледі. Оған қоса, әр аймақ өзінің ерекшелігін ескере отырып, оқу бағасын қояды. Бүгінде мемлекеттік грант құны 1 млн теңге болса, ақылы оқу ақысы орташа есеппен 600-800 мың теңге көлемінде, — деді вице-министр.

Ал кейбір ЖОО-да оқу ақысы жоғарыда аталған құннан да жоғары болуы мүмкін. Тіпті кейбір ЖОО-ларда оқу құны 2 млн теңгеден 4 млн теңгеге дейін жетті, — деп жауап берді Гүлзат Көбенова. Бұған дейін мемлекеттік грант конкурсының нәтижесі жарияланғанын жаздық.

Ұқсас жаңалықтар

В Туркестане победители проекта«Ұлы дала жорығы» получили 24 млн тенге

admin

Түркістан облысында карантин талаптары жеңілдетілді

admin

Оңтүстік Кореяда орман өрті өршіп барады

admin