The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Ипотеканы қай кезде алған дұрыс – Ұлттық банк басшысының кеңесі

 Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ипотеканы қай кезде алған абзал екенін айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Ипотека бойынша 10-15 жылға 25% ЖТСМ (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлеме) деген өте жоғары мөлшерлеме. Бұл жерде өте үлкен артық төлем бар. Қазақстандағы қарапайым отбасының оған шамасы жете ме – үлкен сұрақ. Мұнда әлеуметтік тұрақтылық және банктің қаржылай тұрақтылығы деген сұрақ туындайды, – деді ол.

ҰБ басшысы азаматтарға мүмкіндігінше мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларды пайдалануды немесе нарық тұрақталғанша күте тұруға кеңес берді.

Барынша мемлекеттік бағдарламаларды қолданған жақсы. Немесе базалық мөлшерлеме төмендеуін, одан кейін нарықтағы пайыздық мөлшерлеме түскенін күте тұру керек шығар. Қазіргі 22%-23% ЖТСМ деген өте “қиын” және оған дайындалып бару керек, – деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, қазір Ұлттық банкте жылдық сыйақы тиімді мөлшерлемені өзгерту мәселесі талқылануда.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда «ӨМІР БҰЛАҒЫ» оңалту орталығы ашылды

admin

Кентауда металлургтер күні аталып өтті

admin

Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған тарихи құжаттар көрмесі өтті

admin