«Жаңа ритмге қосыл»: Көктөбеде ауқымды перформанс өтті

0

 Алматыдағы Көктөбе алаңында Жаңа адамдар қозғалысы «Жаңа ритмге қосыл!» атты дауылпаздар фестивалін өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көктөбе алаңында дауылпаз, дарбук, драм-пад және түрлі перкуссия аспаптарында ойнайтын музыканттар жиналды. Алматының тұрғындары мен қонақтары көрсетілімді тамашалап қана қоймай, фестиваль толқынына қосылып, белсенділермен бірге жаңа ырғақты бастау арқылы өзгерістердің әрқайсымыздан басталатынын көрсете алды.

Фестивальдің басты оқиғасы — фирмалық Qazaqstan футболкаларының таныстырылымы болды. Бұл мерч — жаңа дүниетаным бейнесінің көрнекі манифесті, «Мен» және «Қазақстан» арасында шекара болмайтынын көрсетеді.

Оны киген адам былай дейді:

Елімде болып жатқанның бәрі маған қатысты. Мен өмірімді біреу өзгертеді деп күтпеймін – өз болашағым үшін өзім жауаптымын. Менің таңдауым, сөзім және әрекетім — мәдениетті қалыптастырып, елдің болашағын айқын етеді. Мен – Қазақстанмын. Мен шынайылықты өзім құрамын, оған бейімделмеймін.

Фестивальдің шарықтау шегі белсенді қатысқан ауқымды дауылпаз шоуы болды. Дауылпаздар ритмі, брейк-дансерлердің өнері және көрермендердің қолдауы бәрін бір ырғақта ұштастырды. Дәл осы көрсетілімдер «Жаңа ритмге қосыл!» жаңа азаматтық науқанының бастауына айналды. Белсенділер музыка арқылы жаңа мәдениеттің — жасампаздық, жауапкершілік пен алға жылжу мәдениетінің ояну символын дәріптеуде.

Бүгінгі оқиға өзгерістер мәдениеті өзінен бастауға дайын адамдардың арасында дүниеге келетінін көрсетті. «Жаңа ритмге қосыл» — бостандық, адалдық және өз ісіңе деген құрмет туралы. Егер біз өзгерістерді көргіміз келсе, өзіміз сол өзгерістердің бастамашысына айналуымыз қажет. Біздің Qazaqstan футболкаларымыз менің және Қазақстанның арасында ешқандай шекара жоқ екенін және елде болып жатқанның бәрі маған қатысты екенін айқын көрсетеді. Өйткені Мен – Қазақстанмын, — дейді, Жаңа адамдар жастар қозғалысының мүшесі Аружан Үсенова.


ПІКІР ЖАЗУ