Жолдауда білім, ЖИ және туризм салаларына басымдық берілуі мүмкін – сарапшы

8 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Жолдау барысында Президент алдағы жылдарға арналған даму басымдықтарын белгілеп, экономикалық және әлеуметтік даму жолдары айқындалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жаһандық мәселелерге байланысты біздің бағыт-бағдарымыз сөз етіледі деп ойлаймын. Саяси тұрғыда қазіргі таңда болып жатқан оқиғаларға байланысты болжамдар жасалуы ықтимал. Одан бөлек, әрине, қазір балалар мектепке барды. Сондықтан білім саласына қатысты трендтер мен басымдықтар талқылануы керек. Әсіресе жасанды интеллектінің маңызы сөз болып, білім және ғылым саласының қай бағытта дамуы керектігі жайлы тапсырмалар берілуі мүмкін,-дейді IUTH университетінің аға оқытушысы Нұржан Әбдіразақ.
Оның айтуынша, жолдау барысында еліміздегі туризм мәселесі де өзекті тақырыптардың бірі болмақ.
Өткен жылы сырттан келетін туристер саны рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл жетістік атап өтіліп, туризмді басым сала ретінде әрі қарай дамыту жөнінде нақты нұсқаулықтар берілуі ықтимал. Жалпы, экономиканы әртараптандыру үшін Қазақстан үшін ең қолайлы басым салалар — агросектор, білім беру, жасанды интеллект, цифрландыру және туризм. Бұған дейін де бұл салаларға ерекше мән беріліп келді, алдағы уақытта да қайтадан басымдық беріледі деп ойлаймын,-деді сарапшы.
Айта кетейік, Президент Жолдауы аясында білім саласы қалай жаңғыртылып, ғылыми әлеует қалай дамып келеді. Сондай-ақ 12 мың км инженерлік желі жөнделді.
Жолдау аясында жүзеге асқан жобалармен мына жерден танысуға болады.