The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қазақстанда алғаш рет теңгемен қамтамасыз етілген стейблкойн іске қосылды

Қазақстанда ұлттық валютамен номинацияланған алғашқы стейблкойн іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жоба Қазақстан Ұлттық Банкінің «реттеуші құмсалғыш» аясында жүзеге асырылып отыр.

Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, бұл — елдегі цифрлық активтер нарығын дамытудағы маңызды қадам. Стейблкойн теңгемен қамтамасыз етілген және INDX, Solana, Massakro және Еуразиялық банкпен бірлесіп шығарылды.

Бүгін біз Қазақстанда алғаш рет цифрлық активтерге арналған «реттеуші құмсалғыш» форматындағы жобаны іске қостық. Бұл – еліміздің ұлттық валютасы теңгемен байланысты алғашқы стейблкойн. Бұл технология қазіргі қаржы жүйесіне тың серпін береді, – деді Сүлейменов.

Жаңа цифрлық құрал криптовалюталармен айырбас жасауға, сондай-ақ криптокарталар арқылы сауда жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол:

• Ел ішіндегі ликвидтілікті сақтауға,

• Қолданыстағы қаржылық инфрақұрылыммен интеграцияға,

• Отандық цифрлық экожүйені дамытуға ықпал етеді.

Ұлттық Банк төрағасы «реттеуші құмсалғыштың» ашық әрі қолжетімді алаң екенін атап өтті. Қазірдің өзінде 4 бағыт бойынша 8 пилоттық жоба жүзеге асып жатыр. Олардың қатарында жылжымайтын мүлік пен нақты сектор активтерін токенизациялау, криптовалюта айырбастау сынды бастамалар бар.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: биыл «Қаратөбе» мәдениет үйі жаңадан салынады

admin

ТҮРКІСТАН: әлеуметтік сала мамандары «Самғау» оңалту орталығының жұмысымен танысты

admin

Сайрамда этнос жастары қазақтың ұлттық спорт түрлерінен сайысқа түсті

admin