The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Мұғалімдер мен дәрігерлер неше жерде жұмыс істей алады?

 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскер бірнеше жерде және әртүрлі жұмыс берушілерде еңбек етуге құқылы. Бұл ретте жалпы жұмыс уақыты тәулік ішінде 12 сағаттан аспауы тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Мысалы, қазіргі таңда медицина қызметкерлері арасында күніне 6 сағаттан екі ұйымға жұмыс істеу тәжірибесі кең таралған. Ал тазалық жұмыстары бойынша мамандар үш түрлі жұмыс берушіге 4 сағаттан қызмет көрсете алады.

Қызмет саласының ерекшеліктеріне байланысты бухгалтерлер, сантехниктер, электриктер, күзетшілер, бағдарламашылар, педагогтер, журналистер және де өзге де мамандық иелері де 2-3 жұмыс орнында қатар еңбек ететіні жиі кездеседі.

Атап айту керек, 18 жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ ауыр жұмыстарда, зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайларда еңбек ететін жұмыскерлерге қосымша жұмысқа орналасуға рұқсат етілмейді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес қосымша жұмыс істеуге мемлекеттік қызметшілерге тыйым салынады, өйткені олар педагогикалық, ғылыми және шығармашылық қызметтен басқа өзге де ақылы қызметпен айналысуға құқылы емес.

Ал аталған шектеулерге жатпайтын, кәмелетке толған кез келген Қазақстан Республикасының азаматы қосымша жұмыс істеуге құқылы.

Ұқсас жаңалықтар

​Елордада Агроқалашық елдімекенінің тағы бір бөлігі газға қосылды

admin

Елімізде желтоқсанда 179,4 мың автокөлік құралы есепке қойылды

admin

Түркістан облысының ескек есу шеберлері 88 медальмен топ жарды

admin