2029 жылға дейін Қасқасуда заманауи шаңғы курорты іске қосылады

0

 Түркістан облысында Қасқасу тауларында ірі туристік жоба шаңғы курортын салу жүзеге асырылып жатыр. Жобаның құны 46 миллиард теңге деп бағаланып, ал құрылыстың аяқталуы 2029 жылға жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Қарипбаев мәлімдеді.

Иә, бұл жоба бізге жақсы таныс. Ол Түркістан облысында жүзеге асырылып жатыр. Бар ақпарат бойынша, әкімдік жобаның құны шамамен 46 миллиард теңге екенін хабарлады. Әкімдік тарапынан инфрақұрылым құрылысын жүргізу үшін шамамен 3 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Бұл қаражат электрмен жабдықтау, кәріз жүйесін салу және қосалқы станция құрылысына бағытталған,- деді Қарипбаев.

Қарипбаевтың айтуынша, Қасқасудағы курорт жаңа туристік нысанға айналып, жұмыс орындарын құрып, өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына серпін беруі тиіс.


ПІКІР ЖАЗУ