The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Елімізге 7,5 млн шетелдік қонақ келген

 Қазақстанға 9 айда 7,5 млн шетелдік қонақ келген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ішкі туризм бойынша орналастыру орындарында қызмет көрсетілген азаматтардың саны 3,9 млн адамға жеткен. Бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 500 мыңға көп.

Ішкі туристер санының айтарлықтай өсуі әсіресе Алматы облысында (56%), Қызылорда облысында (54%) және Ақтөбе облысында (40,8%) тіркелді. Жалпы алғанда, әртүрлі туристік мақсаттармен елімізге 7,5 млн шетелдік қонақ келді. Бұл сан жұмыс бабымен немесе тұрақты тұру мақсатында келгендерді қоспағанда анықталған. Аталған көрсеткіштің ішінде 5 млн адам елімізде бір күннен артық уақытын өткізген, сондықтан оларды біз шетелдік туристер ретінде топтастырамыз, — деді спикер.

Туризм саласына салынған инвестициялар көлемі 27%-ға өсіп, нәтижесінде абсолюттік көрсеткіш 592 млрд теңге.

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Реал» ойынында бюджетке қанша қаржы түсетінін жазған едік.

Ұқсас жаңалықтар

В Шымкенте в рамках проекта подушевого финансирования 400 детей научатся актерскому мастерству

admin

Қазақстандық кәсіпқой боксшы жеңістен айырылды

admin

Түркістан облысында 176 мыңға жуық зейнеткер бар

admin