The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Егін науқаны аяқталуға жақын: Қазақстанда 24,6 млн тонна астық жиналды

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 15,1 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 94,1%-ы жиналды. Нәтижесінде 24,6 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 2,1 млн тонна майлы дақыл, гектарына 228,7 центнер өнімділікпен 2,7 млн тонна картоп және гектарына 307,9 центнер өнімділікпен 3,6 млн тонна көкөніс жинады.

Атап айтқанда, 323,5 ц/га өнімділікпен 431 мың тонна қырыққабат, 440,7 ц/га өнімділікпен 1026,8 мың тонна пияз, сондай-ақ 296,5 ц/га өнімділікпен 374,3 мың тонна сәбіз жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтуде.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: Таскендегі тоғыз көшеге асфальт төселуде

admin

ШЫМКЕНТ: Демеушілер есебінен 1000 дана медициналық масқа таратылды

admin

Аптап ыстыққа байланысты елдің барлық дерлік өңірінде ескерту жасалды

admin