The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алматы әуежайында жанармай таситын көлік ұшақпен соқтығысты

Алматы әуежайында тұрақтан шыққан жанармай құю көлігі Lufthansa әуе компаниясының Airbus A340 ұшағымен соқтығысты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға 13 қазан күні шамамен сағат 01:25-те, әуе кемесіне жанармай құю аяқталған соң болған. Инженерлік қызмет тексерісі кезінде ұшақ қозғалтқышының қаптамасында ұсақ беткі сызаттар анықталған.
Қажетті техникалық тексерістерден кейін ұшақтың ұшуға рұқсат етілді.

Қазір әуежайдың ұшу қауіпсіздігі департаменті оқиғаның мән-жайын анықтау үшін егжей-тегжейлі тексеру жүргізіп жатыр.

Жолаушылар мен экипажға келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Әуежай жұмысының қауіпсіздігі мен сенімділігі – біздің басты басымдығымыз, – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Президент: Салық кодексі – өзгермейтін құжат емес

admin

Түркістанда 110 киловольттық «солтүстік» қосалқы станциясы ашылды

admin

ШЫМКЕНТ: Қалада өтетін түрлі мәдени іс-шараларға белсене ат салысып жүреді

admin