The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Өмір мен өлім арасындағы қызмет: бүгін – Құтқарушылар күні

 19 қазан – Құтқарушылар күні! Бұл күн – азаматтардың қауіпсіздігін сақтау жолында жанын шүберекке түйіп, адам өмірін арашалауды өз міндетіне айналдырған жандардың төл мерекесі. Ең қауіпті мамандықтардың бірі саналатын өрт сөндіруші қызметі – батылдық пен өжеттікті, төзім мен табандылықты талап ететін абыройлы іс. “Еңбекқор ел” жобасының бүгінгі шығарылымы өрт сөндірушілерге арналады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 7-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Асылболат Жақсылық талай жанның өмірін құтқарған маман. Өрт сөндірушілердің жұмысы уақытпен шектелмейді. Олар тәулік бойы кезекшілікте болып, кез келген уақытта шақыртуға дайын тұрады. Өрт сөндіру бөлімшесіне хабар түскен сәттен бастап санаулы минуттар ішінде олар іске кіріседі. Себебі әрбір секунд адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Бұл шығарылымда өрт сөндірушінің күнделікті жұмысымен таныса аласыздар.

 

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 1 млн. Гектар жер мемлекетке қайтарылды

admin

Түркістан облысында жұмыссыздық деңгейі төмендеді

admin

БИЫЛ АҚТАС-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

admin